jasqazaq.kz

Екібастұз: Мейрамхана иесі 5,2 млн теңгеден астам өтемақы төлейді

19 қараша 2024, 10:42

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 18 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен өтемақы талап еткен еді. Сот шешімімен мейрамхана иесі арызданушылардың жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам шығындарын өтейтін болды.

Биылғы сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған. Оқиғадан зардап шеккендер көп болса да, соның ішінде 18 адам ғана мейрамханадан моральдық және материалдық өтемақы талап еткен.
Екібастұз қалалық сотынан хабарлағандай, мейрамхана иесі зиян шеккендерге жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам өтемақы төлейді. Тамақтан ұшынған қонақтар денсаулығына байланысты жұмыста болмаған уақыты үшін келтірілген материалдық шығынды өтеуді сұраған. Сұралған сомалар мөлшері 1318 теңгеден 188 462 теңгеге дейін. Бұған қоса мейрамханадағы қонақтар арасында кәмелет жасына толмағандар да болған, олардың моральдық тұрғыдан зиян шеккені үшін арызданушылар 200 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін талап еткен.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі