jasqazaq.kz

Екі жылда 1300 ауылдың әкімі сайланады

26 сәуiр 2023, 15:46

Алдағы екі жыл ішінде елімізде 1300 ауылыдң әкімі сайланады. Мұны Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты.
«2021 жылы елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді. 2021-2022 жылдары ауылдық сайлаушылар 1,3 мыңнан астам әкімді сайлаған еді. Ал 2023-2024 жылдары тағы осынша ауылдық округте сайлау жоспарланған. Нәтижесінде халық сайлаған әкімдер тәуелсіздік алып қана қоймай, сайлаушылар алдындағы жауапкершілік пен есептілікті де арттырады. Қазірдің өзінде сайланған ауыл әкімдері жерлестерінің таңдауы дұрыс болғанын көрсетіп, дәлелдеп отыр. Сайланған ауыл әкімдерінің 52% астамы – жаңа адамдар. Оның көпшілігі мемлекеттік қызметші емес. Олар сайлауға өз ауылдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша өздерінің нақты бағдарламаларымен келді және қазір бұл бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының жалпы отырысында. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындау тәжірибесі өз жемісін беріп те жатыр. Ауыл халқы өздері таңдаған әкімнің жұмысына разылығын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп отырғанын да атап өтті А.Балаева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі