jasqazaq.kz

Екі сантехник итке таланған аққуды құтқарып қалды (видео)

17 қараша 2016, 12:39

Суы қатқан көлде үсіп өле жаздаған киелі құсты жігіттер тура жұмыстарына әкелуге мәжбүр болған. Себебі қызыл кітапқа енген қанаттыны өткізетін жер таппай қиналыпты. Үйірінен адасып жалғыз қалған жаралы аққуды құтқару операциясына тілшіміз Ербол Сейілхан да араласып, уақытша пана тауып берді.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ерлан мен Бауыржан Талдыкөлде итке таланып жатқан аққуды көрген бойда жұмыстарын тастап көмекке тұра ұмтылған. Мұз үстінде жыртқыштың ажалынан аман қалса да киелі құстың қанаттары сыныпты. Үйірінен адасып, жылы жаққа ұша алмаған құсты кәріз қалдықтары төгілетін «Астана су арнасының» сантехниктері цехтың біріне қамап қойған екен. Ветеринарлық клиникалар мен орнитологтарға хабарласқанымен ешбірінен көмек болмаған. Наннан басқа беретін тағамдары да жоқ.

Ерлан Әбдірахманов:

-Тамақ салып қойғанбыз. Жарты бөлке нан езіп. Міне, жеп жатыр. Аққудың сыңары болады ғой. Жалғыз өзі. Жас аққу ғой бұл.

Жұмысшылар жаралы құсқа «Құралай» деп ат қойып үлгерген. Барлығы Құралайды айналшықтап шықпай жүр. Бірақ сыңарынан айырылған  жалғыз аққу құтқарылғанымен оны апаратын Астанада бірде-бір орын болмай шықты. Тек  Елордадан әзер дегенде бір жанашыр табылып, аққуды алып кетті.

«Бақ» деген аты болмаса бұл кәдімгі үй. Негізінен бұнда ит-мысық, қояндар ғана тұрады. Енді аққуға солармен бірге мекендеуге тура келеді. Әзірге «Құралайға» бөлек орын дайындалғанша, осы бөлмені паналай тұрмақ.

Халқымыз киелі санайтын құс төресі енді көктемге дейін осында болады. Жарақаты жазылып  күн жылынған соң өз үйіріне жіберілмек. Ал жағдайын жасап асыраймын деушілерге аққуды бағуға беруге дайын. Бір қызығы, небір атақты  құрылыстарымен танымал Астанада  мемлекеттік бақ жоқ. Сондықтан жыл сайын үйірінен адасқан қанаттыларға пана табу оңай емес.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде