jasqazaq.kz

Екі отбасының балаларын ойлаңдар: Шымкент әкімдігі Руслан Берденовке қатысты мәлімдеме жасады

22 сәуiр 2025, 9:43

Кеше Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылуына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Осы оқиғадан кейін көп ұзамай әлеуметтік желіде алып-қашпа ақпарат тарап кетті. Соның бірі — күдіктінің әйеліне сексуалдық қысым көрсету деген болжам. Шымкент қалалық полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Хабарламада: «БАҚ пен әлеуметтік желілерде әкімнің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға күдіктінің әйеліне жасалған қысым себеп болды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейміз», — делінген.

Сондай-ақ Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі бөлімінің басшысы Әйгерім Жұмағұлова да түсінік берді. Ол күдіктінің келіншегі Берденовті танымайтынын айтты:
«Полиция бөлімінде ұсталған адамның әйелімен сөйлестім. Айғақ беруге келген әйел Берденовті танымайтынын айтты. Ондай жағдайда қандай қысым көрсету туралы айтуға болады? Тергеу қорытындысы шыққанша, сот үкім шығарғанша сізге үзілді-кесілді айып тағуға кім құқық берді?! Сексуалдық қысым көрсету нұсқасын айтып қана қоймай, күдіктіні ақтайтын (сот шешімі шыққанға дейін ол осы мәртебеде қалады), тергеусіз сотты ақтайтын адамдарды түсінбеймін», — деді Жұмағұлова.

Ол БАҚ өкілдерін, блогерлер мен құқық қорғаушыларды заңды бұзбауға және жалған ақпарат жарияламауға шақырды:

«БАҚ, блогерлер, құқық қорғаушылар — Қазақстан Республикасының заңдарын есте сақтаңыздар. Күдіктінің, оның жұбайының жеке деректерінің, олардың әлеуметтік желідегі парақшалары мен фотосуреттерінің жариялануы, тексерілмеген мәліметтердің факт ретінде көрсетілуі – мұның бәріне ең алдымен медиа заңгерлер баға береді деп ойлаймын. Мен сондай-ақ екі отбасының балаларын ойлауға шақырамын. Жеке деректерді жариялау арқылы сіз олардың болашағына қауіп төндіресіз. Ақпаратты тексермей, біреуді сексуалды қысым көрсетті деп айыптамас бұрын екі жанұяны қандай жағдайға қоятыныңыз туралы бір сәт ойланыңыз. Мүмкін тоқтайтын кез келді», — деп жазды ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников