jasqazaq.kz

Екі әкімнің көлігі — 44 млн теңге

17 ақпан 2017, 18:43

Қостанайда Сарыкөл және Денисов аудандарының әкімдері үшін бағасы 21 мен 23 млн теңге, яғни қоса есептегенде 44 млн теңгенің көліктерін сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына тапсырыс берілген. Қос шенеуніктің арзан отандық көліктерді менсінбей, люкс санатындағы темір тұлпарларды қалап отырғаны белгілі болды.

Baq.kz хабарлағандай, Денисов аудандық әкімдігіне хабарласқанымызда әкімнің аппараты жетекшісі Әлия Исмағамбетовамен пікірлесудің сәтті туды.

«Бұл көлікке тапсырыс беруіміздің өзіндік себептері бар. Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан болғандықтан, әкімге де жүктелер жауапкершілік жеңіл емес. Оның үстіне біздің ауданымызға қарасты ауылдардың кейбірі 90 шақырым қашықтықта жатыр. Ал, аудан бойынша жолдардың сапасы сын көтермейді. Әкім жергілікті халықтың жағдайын үнемі назарда ұстау үшін 23 млн теңге тұратын жоғары санаттағы жол талғамайтын көлікке тапсырыс бергеніміз рас», – дейді Денисов ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Әлия Исмағамбетова.

Бір қызығы ауылдағы жолдың жамандығын сылтау етіп қымбат көліктер сатып алуға тапсырыс беріп отырған әкімдерге онда тұрып жатқан халықтың аудан орталығына қалай қатынап жүргені маңызды емес секілді.

«Біздің ауданның жалпы аумағы 6 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудандағы жолдың нашарлығынан қысты қойып, жазда әкімнің өзі баратын ауылдарына жете алмай жатады. Сондықтан, құны 21 млн теңге тұратын көлікке тапсырыс бердік», – дейді Сарыкөл ауданы әкімі аппарат басшысының міндетін атқарып жүрген Ораз Өтетілеуев.

Сонымен қатар, бағасы неғұрлым қымбат болса, көлік те соғұрлым сапалы болады деп сенетін шенеуніктер мұндай көлікке кемінде бес жыл жөндеу жүргізуді қажет етпейді деп ойлайды.

Дегенмен, Денисов ауданы әкімінің мініп жүрген қызметтік KIA Mohav көлігінің жөндеуде тұрғанына 4 айдан асқаны белгілі болды. Бір қызығы жаңа көлікке кепілдік бар болса да, қажетті қосалқы бөлшектер әлі табылмапты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде