jasqazaq.kz

Екі күнде ішімдік ішкен 35 жүргізуші ұсталды

17 мамыр 2016, 18:34

14-05-16-boditel

Қостанайда жергілікті полицейлер екі күнде спирттік ішімдік ішіп алып, көлік басқарған 35 адамды ұстады. Бұл «Мас жүргізуші—қылмыскер!» жедел шаралар шеңберінде мүмкін болды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Осы шара барысында жол-көлік қозғалысы ережесінің 659 бұзылуы анықталды. Операция жүргізу кезінде облыс өңірінде ешқандай жол-көлік оқиғасы орын алған жоқ.

Полиция майоры Юрий Панасенко: «35 масаң жүргізушінің сыртында бұрын сот арқылы жүргізуші құқығы куәлігі алынып қойған адамдар жүргізіп жүрген 4 жеңіл машина тоқтатылды», – деді. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, акция кезінде жылдамдықты көтерген 153 жүргізуші, қарсы жолаққа шығып кеткен 2, жолдан өтуде ережені бұзған 8, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 149, рульде келе жатып телефонмен сөйлескен 87, терезесін қара шынымен тұмщалаған 4 жүргізуші әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Сонымен қатар, жол ережесін бұзған 70 жүргінші де жауапкершіліктен тыс қалмайтын болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде