jasqazaq.kz

Екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылды

05 қараша 2024, 12:36

Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов соттан тыс банкроттық рәсімі туралы мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, 131 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралып жатыр. 8 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде. 2 мыңға жуық азаматқа қатысты рәсім тоқтатылған.

17,9 мың адам банкрот деп танылды. Олардың қарызы 40,9 млрд теңгені құрайды. 96 мың өтініш бойынша бас тартылды.
Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, банкроттық рәсімінің бас тарту себептері мынадай:
— 12 айлық төлем қабілетсіздігі болмауы;
— соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы;
— иелігінде мүліктің болуы;
— кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауы;
— 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетуі.
Сейілжан Ахметов: «Азаматтар негізгі критерийлерді біле тұра, әлі де өтініш беріп, нәтижесінде бас тартулар алып жатады. Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізілуде. Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,6 млрд теңге қарыз кешірілді. 1 азамат 10 млн теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде. Екі банкроттық рәсім аясында барлығы 54 млрд теңге сомасына 17,8 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: ortcom.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі