jasqazaq.kz

Екі қазақ Олимпиададан шеттетілді. НЕГЕ?

02 тамыз 2016, 14:54

 Белгілі журналист Мейрам Жанәділов Фейсбуктегі парақшасына еліміздегі спорт мамандарына қатты қапалы екенін жазады. Ол «Әбдісалан, Әбілсейіт ағаларымның Олимпиадаға қатыса алмауын Кеңес Одағының саясатынан дедік. Ал, қазір Қазақ елі болып, жеке мемлекет тұсында неге қазақ жастары олимпиадалық ойындардан аластатылады», — дейді.

14_318

М. Жанәділов «Жақында Ислам Байрамуковтың сұxбатын оқыдым. Ол өз шәкірті Әділет Дауланбаевтың еркін күрестен Олимпиадаға бармайтындығына қынжылады. Неге еркін күрестен бас бапкері Сергей Белоглазов легионер Аслан Каxидзе барады деп шешіпті. Ал Әділет осы Каxидзеден бірде-бір рет жеңілмеген.

13880273_536878849854493_3387812104235067656_n

Сол сияқты, байдаркада ескек есу спортында да тура осындай олқылыққа жол берілген. Командадағы жалғыз қазақ Дәулет Сұлтанбеков Азияда жеңімпаз атанып, Рио жолдамасына қол жеткізген. Бірақ, команданың бас жаттықтырушысы Андрей Шантарович сонғы сәтте Дәулетті еш себепсіз құрамадан алып тастап, Қазақстан «төрттігіне» Украинадан келген Сергей Токарницкий деген легионерді қосыпты. Менің бұдан байқағаным қазақстандық бапкерлер өз шәкірттерін ірі додаға қатыстыра алмайды. Бәрін сырттан келген бас жаттықтырушылар шешіп отыр. Неге біз сырттан мамандар шақыруға құмармыз? Олар ешқашан қазақ спортын көгертпейді. Олардың бәрі ақша үшін жүргендер. Қазақ еліне, қазақ спортшыларына жаны ашымайтын тренерлерді қуу керек. Не болып барамыз білмеймін. Спортшыларға обал. Проблеманы шеше алмайтын министр не қарап отыр. Түсінбеймін»,- деп ойын қортындылайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде