«Air Astana» компаниясы Алматыдан Бішкекке ұшып шыққан ұшақтың не себепті қайта оралғанын түсіндірді.

22 наурыз күні Алматыдан Бішкекке ұшып шыққан ұшақ техникалық жағдайларға байланысты халықаралық әуежайға қайта оралды. Бұған қозғалтқыштың өшіп қалуы себеп болған екен. Ұшақ штаттық режимде жерге қонған. Май қысымының төмендеуіне байланысты жалған дабыл қағылған. Қозғалтқыш жерде тексеріліп, қайта іске қосылған», – деп хабарлайды әуежай компаниясының өкілі.
Аталған компанияның ұшақтарына қатысты бұл бірінші жағдай емес. Десе де, «Эйр Астана» қызметкері Сергей Макаренко мұны кездейсоқтыққа балады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 5 наурызында әуе компаниясының ұшағы жалған дабыл қағып, жолаушылардың зәресін алған-ды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.