jasqazaq.kz

Егіздің сыңары допинг дауына ілікті

06 сәуiр 2023, 16:01

Бокстан ұлттық құрама мүшесі, талантты боксшы Саматәлі Төлтаевтың басы дауға қалуы мүмкін. bassport.kz сайты боксшыға тиым салынған затты қолданды деген айып тағылуы мүмкін екенін жазды. Қазақстан бокс федерациясы Саматәлі Төлтаевтың допингке қарсы бірінші тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.

Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) осы сынамаға қатысты тексерісті бастаған. Егер допинг тұтынғаны нақтыланса, 60 келідегі боксшы келешекте болатын айтулы додалардан шет қалуы былай тұрсын, жетістігінен де айырылуы мүмкін.

Спорт сарапшылары бұл қазақ боксына көрсеткен қыр, 2024 жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының алдындағы шідерлеу болуы мүмкін дейді. Ағайынды Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар егіз. Екеуі де бокстан ұлттық құраманың мүшесі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты