jasqazaq.kz

Егінді ертерек бастау керек – министр құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады

13 мамыр 2025, 11:45

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ауа райы болжамдарын баяндап, құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады және егін егу жұмыстарын ертерек бастауды ұсынды.

Министрдің айтуынша, биыл елдің көп бөлігінде қыс жылы және қарлы болып, топырақтың жақсы ылғалдануына әсер етті.

− Елдің солтүстігі мен орталығының егіс алқаптарында ылғал қоры негізінен қанағаттанарлық және оңтайлы. Алайда, сәуірдегі ыстық ауа райында ылғал тез буланды. Енді егіс кезінде Батыс Қазақстан облысында топырақ ылғалы жетіспеуі мүмкін. Астық егетін аймақтарда егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізуді ұсынамыз, − деді Е. Нысанбаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Мамыр айы елдің көп бөлігінде ыстық және құрғақ болады деп күтілуде, алайда астық егетін өңірлерде, тау бөктерінде және оңтүстікте жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақын мөлшерде болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болуы мүмкін.

− Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы қалыпты болады, яғни елдің солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында – 23-25 градус болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыста және оңтүстікте әдеттегіден ыстығырақ болады, жазық бөлікте орташа температура 24-28 градус, ал максималды температура – 45 градусқа дейін жетеді. Елдің батысында және солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын норма шегінде, ал қалған аумақта көбінесе нормадан аз болады, − деді Экология министрі.

Жауын-шашын негізінен көпжылдық нормалар шегінде болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын нормадан жоғары болады деп болжанған.

− Тамыз, қыркүйек айлары егіннің пісуі мен оны жинау жұмыстарына қолайлы болады деп күтілуде. Мол және ұзаққа созылатын жауын-шашын күтілмейді, елдің басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады, − деді Ерлан Нысанбаев.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі