jasqazaq.kz

«Егемен Қазақстан» газетіне – 105 жыл!

17 желтоқсан 2024, 12:54

 

Бүгін, 17 желтоқсанда, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас газеті — «Егемен Қазақстанға» 105 жыл толды.

1919 жылы «Ұшқын» атауымен алғашқы нөмірі жарық көрген бұл басылым уақыт өте келе қазақ журналистикасының символына айналды.
Әр жылдары газеттің атауы өзгеріп отырды.
• 1921-1932 жж. – «Еңбекші Қазақ»
• 1932 жылдан бастап – «Социалды Қазақстан»
* 1937 жылдан бастап — «Социалистік Қазақстан»
• 1993 жылдан бастап – «Егемен Қазақстан».

105 жылдық тарихында газет әрдайым ұлттық мәселелерді көтеріп, қоғамдық сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Басылымда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Сауытбек Абдрахманов, Мамадияр Жақып, Жанболат Аупбаев және басқа да қазақтың қарымды қаламгерлері қызмет етті.

Бүгінде «Егемен Қазақстан» еліміздің барлық өңірлерінде таралады және жаңа технологиялар мен заман талабына сай ақпарат таратуда белсенді жұмыс істеп келеді.

Бір ғасырдан астам оқырманға рухани азық сыйлаған басылымды мерейтойымен құттықтаймыз!

Jas Qazaq
Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі