jasqazaq.kz

E-Salyq business мобильді қосымшасын 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланады

28 маусым 2023, 11:57

Президент Қазақстан халқына Жолдауында салық режимін жеңілдету жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Салық төлеушілердің салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керек. Салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа кодексте қарастырылуы қажет. Сауда-саттық заман талабына сай дамуы үшін мөлшерлемесі ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту керек», деді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов Президент тапсырмасы бойынша салықтық түсімдердің орындалуы, уәкілетті органдармен іс-қимыл негізінде бекітілген жол картасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер жөнінде баяндап берді.

Қалада биыл 5 айдың көлемінде бюджет қазынасына 212,4 млрд теңге түсім түсіп, жоспар 109 %-ға артығымен жүзеге асқан. Жергілікті бюджет 121 пайызға немесе 22,4 млрд теңге артығымен орындалған.

—Салық төлеушілердің бюджет алдындағы қордаланған қарыздары жыл басында 1,4 млрд теңге құраған. Бүгінгі таңда 490 млн теңге берешек сомалар өндірілді. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі — халыққа сапалы әрі уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету. 43 бағыт бойынша мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде, — деді С.Ешанқұлов.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылған еді. Бүгінгі таңда қала бойынша қосымшаны 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда. Қосымшаның негізгі мақсаты — жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін «Е-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы көмегімен бірқатар қызметтер алуға болады.

Сондай-ақ, шаһарда тұрғын үй нысандарын уәкілетті органда тіркету үшін 6785 үй салынған жер учаскесін түгендеу, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру (жер, мүлік салығы) бойынша хабарлама жіберу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее