
Алматы хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев «інілеріңді жұмысқа ал», «дөнер дүңгіршектер орнатшы» деп сұранатын таныстары мен бейтаныс адамдарға өзінің Instagram парақшасында жауап берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
«Маған Медеудегі, хайуанттар бағындағы түрлі тәтті мақта, балмұздақ, кофе сататын киоскілер, батуттар, бургер мен дөнер сататын дүңгіршектер керек емес. Жалға да, тегін де, үлескерлікпен де керек емес.
Маған дарынды, адал, «ешқашан ұятқа қалдырмайды» деп мақтауын асырып жұмысқа тұратын «інілер» қажет емес. Өзімдікі де жетіп артылады.
«Тендерлер, жәр мәселесі, рұқсаттар мен техникалық шарттар секілді әкімдік мәселелерін мен шешпеймін. Оның үстіне мен МАИ қызметкері емеспін», — деп кесіп айтты Еркінбаев.