jasqazaq.kz

Е.Досаев: Апатты үйлер бұзылады

18 мамыр 2023, 13:01

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев апатты жағдайдағы үйлерді бұзудың жаңарған бағдарламасын әзірлеу аяқталып қалғанын айтты. Масаншы көшесіндегі тозығы жеткен 23а мекен-жайдағы үй тұрғындары әкімнен өздерін басқа жаққа көшіруді сұрады.
Тұрғындар бұл бүйдің 23а мекенжайдағы үй 1938 жылы салынғанын, қазіргі жағдайы өте нашар екенін айтты.
«Қазір біз жаңарған реновациялау бағдарламасын дайындаудың соңғы сатысындамыз. Бағдарлама ішінде біз қаланың қандай мүмкіндіктері болатынын қарастырамыз. Өкінішке орай, қалада бұзуды немесе жөндеуді қажет ететін тозығы жеткен тұрғын үй қоры өте үлкен. Қала балансында мұндай ақша жоқ. Инвесторды табу мүмкін болмай жатыр. Көпқабатты автотұрақ салу туралы ұсынысы бар нұсқаға мен рұқсат бермеймін»,- деді ол.
Ерболат Досаев аталған мекенжайдағы үй ескірген баспаналар тізіміне енгізілгенін жеткізді.
«Алмалы ауданында 131-ші үй ескірген болып саналады. Сіздікі де тізімге енгізілген. Біз былайша келісейік, қаланың мүмкіндігіне қарай не істеу керектігін көреміз. Егер біз бюджет қаражаты есебінен сатып алып, сізді көшіре алсақ, мен мұны істеймін»,- деді қала әкімі. Алматының тозығы жеткен үйлері бюджет есебінен сүріледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі