jasqazaq.kz

Джорджа Мелони Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді

24 мамыр 2023, 9:39

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Италия Премьер-Министрі өзінің Тwitter-дегі ресми парақшасында бұл туралы былай деп жазды:
«Рим мен Астана арасындағы екі жақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін паш етіп, әрмен қарай нығайту түсуге мүдделі жүрекжарды лебіздесу.
Президент Тоқаевты Эмилия-Романьядағы
су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығымды білдіремін».
Aqorda.resmi Телеграм каналы жазғандай, былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 млрд долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі