
Бүгін халықаралық «I’m singer» жобасының жүлдегері, танымал жас әнші Димаш Құдайбергеновтың туған күні. Әлемді ерекше даусымен мойындатқан талант 23 жасқа толды. Осы орайда Қазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол оған өзінің ізгі тілегін білдірді.
Елші өз тілегін Instagram желісі арқылы білдірген.
«Димаш, туған күніңмен құттықмаймын. АҚШ елшілігіндегі және Дипломатиялық миссиядағы барлық достарың мен фанаттардың атынан саған барлық жақсылықты тілейміз. Ол – денсаулық, сәттілік, табыс», — дейді Джордж Крол.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаштың Қытайдағы фанаттары оған «көлік» сыйлаған болатын. Кейін олар жас әншіні туған күнімен құттықтау үшін Астананың барлық LED экрандарын бір күнге жалға алған.