jasqazaq.kz

Джордж Буш ауруханаға түсті

18 қантар 2017, 17:09

Хьюстонда АҚШ-тың экс-президенті үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті.

Baq.kz хабарлағандай, бұрынғы президенттің ресми өкілі Джин Бекердің айтуынша, қазір 92 жастағы экс-саясаткердің жағдайын дәрігерлер тұрақты деп отыр.

«Оның жағдайы жақсы. Көп ұзамай үйіне оралады деген үміттеміз», -деді ол. Бекер АҚШ-тың 41-ші президентінің ауруханаға түсу себебін нақтыламады.

Соңғы жылдары үлкен Буштың денсаулығы сыр беріп жүр, ол бұған дейін де талай рет ауруханаға жатқан еді. 2015 жылы үйінде құлап қалып, мойын омыртқасын сындырып алған болатын. Таяуда экс-саясаткер 20 қаңтарда Вашингтонда өтетін АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге салып өтсек, үлкен Джордж Буш Американы 1989-1993 жылдар аралығында басқарған. Бұған дейін ол Рональд Рейганның әкімшілігінде вице-президент, конгрессмен, БҰҰ жанындағы АҚШ өкілі, АҚШ-тың Қытайдағы арнайы елшісі және ОББ директоры қызметтерін атқарған.

Үлкен ұлы Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде