jasqazaq.kz

Джипке мінгізіп алып кеткен: Ақтауда зорланған жігіттің адвокаты дабыл қақты

12 ақпан 2025, 15:57

Сурет: Depositphotos.com

Жұртты шошытқан бұл оқиға Ақтауда болған. Адвокат Ажар Әбділ өткен жылдың 27 желтоқсанында 18 жастағы ақыл-есі кем жігіт зорланғанын жария етті. Жігітті қаланың қақ ортасында ақ джипке мінгізіп алып кеткен, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Адвокаттың айтуынша, анасы полицияға бірден арыз жазса да, тергеу жүргізілмеген.

«Осы уақытқа дейін тиісті сараптама тағайындалған жоқ. Жігітті қаланың қақ ортасында мінгізіп алып кеткен ақ джиптің қайда барғанын білу үшін камераның жазбалары да әлі алынған жоқ. Оның жазбасы екі ай сақталады. Мен осы істі тергеп жатқан тергеушіге телефон соғып, алдыра алмадым. Көшенің бәрінде камера бар екенін ескерсек, оқиғаның хронологиясын көру қиын емес сияқты. Алайда осынша камера бола тұра күдіктінің жеке басы анықталмағаны әлі де ақылға сыймайды», — деп жазған адвокат.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті зорлық-зомбылық бабы бойынша іс қозғалғанын айтады.

ПД баспасөз қызметі: «Тиісті сараптамалар тағайындалды. Істі полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды. Тергеу жүріп жатыр», — дейді.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды