jasqazaq.kz

Джейкобс: Головкиннен өлердей қорқамын (видео)

15 ақпан 2017, 9:16

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) өлердей қорқатынын мойындады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық осы қорқынышын GGG-ге қарсы басты қаруы етпекші. Джейкобстың пікірінше, үрей оның мүмкіндігін аша түседі.

«Әрине, бұл мен үшін шың, үлкен сынақ. Өлердей қорқамын. Кім қорықпасын? Бұл өмірдегі ең үлкен сынақ және менің қорқатыным жамандықтың белгісі емес, себебі адам әрі спортшы ретінде қорқынышың болуы тиіс. Сол үрей арқылы ыждаһатпен дайындалып, өзіңнен асып түсуің керек. Бұл қорқыныш өзің елестеткеннен де зор мүмкіндік ашуы мүмкін», — дейді америкалық боксшы.

Сонымен қатар, ол Головкиннен адам ретінде немесе спортшы ретінде емес, оны4 толысқан деңгейінен қорқатынын айтады. «Сондықтан мен әлемдегі ең қорқақ жігіт ретінде жаттығамын, бұдан мен одан бетер ашығамын. Қорыққан адам ең қауіпті болады деп жатады. Діттегенім осы», — деп мәлімдеді Джейкобс VRinge.com басылымына берген сұхбатында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде