jasqazaq.kz

«Дұрыс мамандық таңдау – кемелдi болашақ кепілі»: Шымкенттік жастар маманмен кездесті

14 сәуiр 2023, 10:39

Кездесудің басты мақсаты – мектептердегі жоғары сынып оқушыларын дұрыс мамандық таңдау бойынша ақпараттандыру.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дұрыс мамандық таңдау – кемелдi болашақ кепілі» тақырыбы аясында Әл-Фараби академиялық мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесудің басты мақсаты – мектептердегі жоғары сынып оқушыларын дұрыс мамандық таңдау бойынша ақпараттандыру және сол бойынша бағыт-бағдар көрсету.

Басқосуға Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасы дефектолог-логопед маманы Жанерке Мәлік мен Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ермахан Тулебаев қатысты.
Олар бірінші кезекте жастарға сұраныстағы басым мамандық түрлерін атап, өз мамандықтары жөнінде де сөз қозғады.

— Мен бала кезімнен өрт сөндіруші болуды арман еттім. Сол бала арманымнан адаспай, мектепті аяқтағасын өрт сөндіру мамандығына оқуға түстім. Бүгінде өз саламда күн-түн аянбай қызмет етудемін. Бұл мамандықты таңдағаныма мүлде өкінген емеспін. Дұрыс мамандық таңдау – өмірде маңызды рөл атқарады, — деді өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ермахан Рсалиұлы.

Кездесу соңында оқушылар қонақтармен сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен медиация тақырыбы бойынша жастар арасында түсіндірме жұмыстары басталды.

Ең алдымен медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары арасында тренинг ұйымдастырылды.Түсіндірме жұмыстарына «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы және «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директор орынбасары Абдукаримова Салтанат Егізбекқызы қатысып, жастарға «Медиация» ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура