jasqazaq.kz

Дулат Исабеков: Кезінде Халық жазушысы атағын беруді тоқтатқан мен едім

11 қантар 2024, 14:35

Өткен жылы елімізде Халық жазушысы атағы қалпына келтіріліп, ол 6 жазушыға бірден берілген болатын. Ал 1984 жылы бекітілген бұл атақты беру 1999 жылы тоқтатылған.

Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков «Adal Adam» ютуб-арнасында журналист Дәурен Сейтжанұлына берген сұхбатында кезінде осы атақты алып тастауға өзі себепкер болғанын айтты.

«Төлен Әбдіков сол кезде президент әкімшілігінде жұмыс істейтін. Ол «арыздың астында қалдым» деді. Бәрі «маған Халық жазушысы атағын бер» дейді екен. Содан кейін Нұрпейісов екеуміз Назарбаевқа хат жаздық. «Халық жазушысы деген атақты президент бермеуі керек» деп. Президенттер орден берсін, сыйлық тағайындасын, әртүрлі мемлекеттік марапаттар бар ғой, соларды берсін. Ал Халық жазушысы деген атақты сол Нұрпейісов екеуіміз хат жазғанан кейін тоқтатты. Жұрттар сол кезде: «Әй, Дулат-ау, алдымен өзің алып алғаннан кейін тоқтатпайсың ба?» деп айтты. Ол алдымен мен алып алғаннан кейін ол ыңғайсыз болады. «Дулат өзі алғаннан кейін басқаларға бермеңдер деп хат жазған ғой» дейді. Соны алмай тұрып тоқтатқан болатынмын. Енді қайтадан болды», – дейді Дулат Исабеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Республика күні қарсаңында қаламгерлер Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов және Любовь Шашкова Қазақстанның Халық жазушысы атанған еді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі