КТК телеаранасындағы «Другая правда» бағдарламасына келген егде жастағы әйел есінен танып қалды. Видеодан оған бірнеше адамның көмек көрсетіп, бетінен су шашып жүргенін байқауға болады. Жағдайдың мән-жайын білмек болып, редакцияға хабарластық. Олар бізге » ол кісі бағдарламаға көрермен ретінде келген, біз оған көмек көрсетіп, шұғыл түрде жедел-жәрдем шақырттық. Әйелдің хәлі қазір жақсы» — деп жауап берді.