jasqazaq.kz

Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

10 мамыр 2023, 12:00

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы «Жастар театрының» директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың Instagram желісінде жарияланды.

«Досымжан Таңатаров Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» директоры лауазымына тағайындалды», — деп жазды театр баспасөзі әлеуметтік желіде. Айта кетейік, Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. «Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атанған. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Жастар театры» директоры лауазымын актер Әділ Ахметов атқарды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі