jasqazaq.kz

Досымжан Таңатаров: Екінші әйелді алып, заңдастыра алмай жүргендер бар

30 маусым 2023, 12:12


Әнші Досымжан Таңатаров отандық бағдарламалардың біріне сұхбат беріп, көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керектігін сөз етті.
«Қазақ әйелдері ұлан-байтақ жерімізде 20 миллион халықты көбейтудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Елімізде екінші әйелді алып, заңдастыра алмай жүрген жігіттер қаншама?! Менің бұл ойыма, бүкіл әйелдің қарсы болатыны белгілі. Он мың әйелдің бірі ғана келісуі мүмкін және ол заңдылық. Адам өзі жақсы көретін жарын өзгеге қия алмайды ғой», – деп жауап берді өнер иесі.
Әншінің айтуынша, тоқал болғысы келетін қазақ қыздары жетерлік.
“Мен мұны белгілі бір статистиканың нәтижесі деп айта алмаймын. Бірақ біз елдің ортасында жүреміз, әлеуметтік желідегі парақшамызға да хат жолдайтын қанша келіншектер бар. Екінші, үшінші әйел болып тұрмысқа шыққысы келетін, “Екі балам, үш балам бар, қиналып кеттім. Маған пана болатын еркек табыла ма?” дейтін келіншектер туралы жігіттердің арасында әңгімелер болады. Оны жариялай бермейсің, бірақ сондай жағдайлар көп. Осындай жағдаймен екінші әйел алған қанша азаматтар бар. Сол отбасы аяқтанып кетсін деп көмек жасаған жігіттер де көп. Мен тоқал алайын не алмайын. Бірақ екінші әйел алған азаматты қос қолдап құптаймын. Тоқалды жария түрде алған – жігіттің жігіті. Оған рұқсат берген әйелі де мықты жан. Бірақ әйелің қарсы болып, ажырасып кететіндей жағдайға жетсең, онда қажеті жоқ. Басқа әйелді жарылқағаннан не пайда, егер өз әйел, бала-шағаң жетім боп қалса”, – дейді Досымжан Таңатаров.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі