jasqazaq.kz

«Дос-Мұқасан» тобының бұрынғы мүшесі Әуеғарыш комитеті басшысының кеңесшісі болды

27 шiлде 2016, 2:57

20160726175012

Мейірбек Молдабеков Инвестициялар және даму министрлігінің Әуеғарыш комитетін басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.
Мейірбек Молдабеков 1947 жылдың 20 шілдесінде Қызылорда облысының Төмен Арық кентінде өмірге келген. Ол 1962-1972 жылдары атақты «Дос-Мұқасан» тобының қатысушысы болған.

Молдабеков В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) «Автоматика және телемеханика»; Мәскеу авиациялық институтын (1975) «Қолданбалы математика» мамандықтары бойынша; Мәскеу авиациялық инсти- тутының аспирантурасын (1976) бітірген.

1970 жылдан – В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты автоматика және телемеханика кафедрасының ассистенті, техникалық кибернетика кафедрасының тәжірибеші-зерттеушісі, 1972 жылдан -Мәскеу авиациялық институтының кешкі инженерлік легінің студенті; 1973 жылдан – аспиранты, 1977 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері аға оқытушысы, доценті, механика және қолданбалы математика факультеті деканының орынбасары, 1988 жылдан – ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА Механика және мәшинетану институтының зертхана меңгерушісі болды.

1993 жылдан – ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары – «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болды. 1997 жылдан – ҚР ҒА – Ғылым министрлігі Ғылыми мамандарды аттестациялау департаментінің директоры; 1998 жылдан – Ұлттық аэроғарыш агенттігінің директоры қызметін атқарды. 2001 жылдан – ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, 2005 жылдан – «Қазақғарыш» ҰК» АҚ басқармасының мүшесі болды. 2007 жылдан – «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ( Астана қаласы). 2008 жылдың тамызынан бері – ҚР Ұлттық ғарыш агенпі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде