jasqazaq.kz

Дональд Трампқа қастандық жасалды

14 шiлде 2024, 9:32

Пенсильвания штатының
Батлер қаласында жақтастары алдында сөз сөйлеп жатқан АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды. Кенеттен оқ атылғанда Трамп құлағын ұстап трибунаға отыра кеткен. Қауіпсіздік қызметкерлері оны қоршап алып шыққанда саясаткердің құлағы қанға боялғаны байқалды. Ақпарат құралдары «құлағына оқ тиді» деп жазып жатыр. Бірақ, әйтеуір, дін аман.
Бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алыпты. Мергенді қауіпсіздік қызметкерлері атып өлтірді. Ол жүз метр жердегі ғимараттың төбесінен атқан көрінеді.


Осы оқиғадан кейін Илон Маск Х әлеуметтік парақшасында:
«Соңғы рет Америкада осындай күшті үміткер Теодор Рузвельт болған», — деп жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

New York Post Трампқа оқ атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукс деп жазды ФБР тергеу басталғанын мәлімдеді.
JQ-Aqparat
Суреттер: ria-ru

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі