jasqazaq.kz

Дипломат туған қызын қорлады

26 желтоқсан 2016, 13:39
Француз дипломаты өзінің туған қызын зәбірлеген. Ресейдегі Иркутск облысы Киров аудандық соты Франция азаматы Иоанн Барбероға қатысты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды ресейлік баспасөз құралдары. Сот мәдениет мәселесі жөніндегі атташе және “Альянс Франсез — Иркутск” ұйымының басшысы болып қызмет атқарған Барбероны, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ француз азаматы Ресейден қашып кетіп, іздеуде жүргендіктен, сот шешімі сырттай шығарылды.

— Азамат Барбероны 15 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, ұстаздық қызметпен айналысуына 6 жылға тыйым салуға шешім шығарылды, – деп хабарлаған Киров аудандық сотының баспасөз қызметі.

Мәдениет мәселесі жөніндегі атташе және “Альянс Франсез — Иркутск” ұйымының басшысы балалар порнографиясын дайындаумен айналысқаны және кәмелекттік жасқа толмағандарға зорлық жасағаны үшін айыпталған еді. Ол былтырғы мамыр айында, иркутскінің бір сайтында, өзі мен кішкентай қызының жалаңаш  суреттері мен видеосын жариялап, содан кейін ұсталған болатын. Ал тергеу аяқталғаннан кейін, француз қорғаушыларының ара түсуімен, тергеу изоляторынан үй қамағына ауыстырылады. Алайда, ол бірнеше күннен кейін, аяғына тағылған электронды браслетті үзіп, қашып кеткен.

halyknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде