jasqazaq.kz

Дінтанушы: Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмаймыз

30 сәуiр 2024, 14:43

Әлеуметтік желіде Жаңаөзенде болған тойлардың бірінде жас жұбайлар «жар-жардың» орнына «Бақара» сүресінің 2-аятын қосып шыққан болатын. Видео қоғам арасында қызу талқыға түсуде. Бұл мәселеге қатысты дінтанушы Мұхитдин Паттеев пікір білдірді, -деп жазды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, «тойда мұндайды жасауға бола ма, жоқ па?» деп ешкім сұрап жатқан жоқ.

«Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқ». Әйтпесе, қай ата-бабамыз келін түскен кезде «жар-жардың» орнына Құран сүрелерін тыңдайтын еді? Тіпті, Құран оқылды деген күннің өзінде жұмақ аяттары туралы айтылған. Мысалы, Түркияда ислами тойларда бір-екі жұма аяттарын оқиды. Мына жерде кәдімгі той ғой. Төрге шығып отыратын тойдың стилі, әу бастан бұл біздің стиль емес. Тойға Құранды қосып қою дегеніміз жақсы дүние емес. Бұл жерде “келеді әне екі жас, топты жарып жар-жар» деп бабалардан қалған жолдар айтылуы керек еді»,- дейді ол.

«Бұның барлығы “Әй” дейтін әженің жоқтығы. Құранды қойып вальс билемекші ме? Ол жерде үлкен кісілер де отыр. Өздері қазіргі заманғы, еуропаның стилі. Христиандардың стиліне Құранды қойып былай жасау жастардың бетімен кеткенін көрсетеді. Бұл жастардың басым көпшілігі ислам дінін атасынан, әжесінен үйренбеді. Олар ата-әжесінің дінін қабылдамайды. Олар өз ұғымындағы қазіргі заманғы, бір жағы арабша, парсыша түсініктегі діни ұстанымды ұстанады. “Жүре берсең, көре бересің” деп бекер айтпаған. Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмаймыз»,- дейді дінтанушы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі