jasqazaq.kz

Динара Зәкиева: Жамбыл облысында 13 жастағы қыз 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген

17 қазан 2024, 11:06

Жамбыл облысында 13 жастағы қыз 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген. Бұл  жаға ұстатарлық жағдайды Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.

«Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туыс екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілген көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп – ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді. », — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Д. Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін айтты.

JQ-Aqparat

Сурет: Depositphotos.com
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі