jasqazaq.kz

Динара Зәкиева: Ашық люктер үшін жауаптылар жазалануы керек

04 желтоқсан 2023, 10:51


Екі апта ішінде Қызылорда мен Түркістан облыстарында екі бала кәріз құдықтарына құлап қайтыс болды. Екі жағдайда да люктер әкімдіктерге тиесілі болды. Бұл туралы Балалар омбудсмені Динара Зәкиева мәлім етті.
«Толық тексеру жүргізіп, инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген және балалар өліміне әкеп соққан немқұрайлылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту қажет деп санаймын. Осы салаға жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың басшыларын, аталған аудан әкімдерін де жауапқа тарту қажет», — деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желіде.

Балалар омбудсмені бұл үндеуін тиісті органдарға жіберетінін айтты.

«Тамыз айында біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, атап айтқанда ашық люктерге қатысты мәселе көтердік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары тиісті тапсырмалар берді, еріктілермен бірге барлық өңірлерде рейд те ұйымдастырылған болатын», — деп қосты ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі