jasqazaq.kz

Димаштың әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

21 ақпан 2017, 8:58

Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«I am a singer» ән байқауының ұйымдастырушылары бір ай бұрын Қанатты қонақ ретінде Қытайға шақырған болатын. Сол уақыттан бері әкесі Димаштың жанында жүрді.

Ал Ақтөбеге қайтып келген мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан шығу туралы арыз жазған.

Алайда облыс әкімі оның бұл өтінішін қанағаттандырды ма, жоқ па — ол жағы белгісіз. Ал әзірге басшының міндеттерін оның орынбасары атқаруда.

Қанат Айтбаевтың өзі болса тұмауратып қалғанын айтып, қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, Димаш байқаудың кезекті кезеңінде қытай жұртын аузына қаратқан. Ол америкалық әнші Бруно Марстың Uptown Funk деп аталатын әнін орындап шыққан.

Бүгінгі таңда 14 кезеңнен тұратын байқаудың алты кезеңін Димаш сәтті еңсеріп үлгерді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде