Димаш Құдайбергеннің «I am a Singer» байқауының тоғызыншы кезеңінде орындаған әнінің видеосы шықты. Жас әнші бұл кезеңде әйгілі жұлдыз Селин Дионның «All by myself» әнін орындаған болатын.

Димаш Құдайберген «Singer 2017» жобасының 9-кезеңінде екінші орын алған болатын.
Димаштың өзі инстаграмдағы парақшасында «бәрі де сіздер үшін» деп жазған.
Айтас кетсек, отандасымыз ән байқауының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алды. Димаш бұл кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күнді» шырқаған болатын. 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.
Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ән байқауындағы сайысын отандық телеарна көрсетеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев мәлім етті.