
Қытайдағы «Singer- 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Weibo (Twіtter-дің қытайлық баламасы) әлеуметтік жеке парақшасына Джеки Чанға «Әлқисса» күйін шертіп берген сәті түсірілген видеоны жариялады.
Видеодан Джеки Чанның күйді зор ынта-ықыласпен тыңдап, «Өте керемет!», — деп баға бергенін байқауға болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Димаштың Бейжіңде танымал кино актері Джеки Чанмен кездесіп, оған қазақи шапан кигізіп, домбыра сыйға тартқаны туралы хабарлаған болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=SfrYBBXyHUk&feature=youtu.be