jasqazaq.kz

Димаш қытай қызына бауыр басты (видео)

06 ақпан 2017, 17:42

Қытайдағы «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновтің әріптесіне көрсеткен бауырмалдығы қытайлықтарды тағы жылатты.

Байқаудың 3-ші кезеңінде Қытай елі атынан қатысып жатқан танымал әнші Иуан Ияүй келесі айналымға өте алмай, жобамен қоштасуға тура келді. Осы сәтте әріптесіне жылы сөздер арнап, бауырмалдық танытқан Димаш Құдайбергеновтің әрекеті қытайлықтардың жүрегін елжіретіп жіберді. «Мен жобаға алғаш келгенде, бұл ортада ешкіммен тілдесе алмай құлазып жүретін шығармын деп ойлаған едім. Иуан Ияүй мені көре салып бірден танысып, әңгімелесіп, ашық жарқын мінез танытты. Осы аз уақыттың ішінде біз бір-бірімізге бауыр басып қалдық», — деп ағынан жарылды Димаш. Сонымен бірге Димаш Құдайбергенов қытайлық әншіге жігер беріп, оны құшақтап, «Сен өте мықты әншісің! Мен сені жақсы көремін!» деп, бетінен сүйген болатын. Бүгінде бейне жазба қытайлық әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жұрттың қызу талқысына түсуде. Димаштың жанкүйерлері оның мейірімділігіне, бауырмалдығына ерекше ризашылығын білдіріп, пікір қалдыруда. «Ол шынымен мейірімді жан екен. Ерекше әсерлендірді»; «Оның құшақтағанын көріп жыладым»; «Бұл қазақ халқына тән бауырмалдылық»; «Мен қызғанып тұрмын, соңында Димаштың құшақтағанын көріп, көзімнен жас тоқтар емес»; «Иуан Ияүй, сен неткен бақыттысың! Димаштың құшақтаған жылуын сезіндің. Ерекше әсерлі» деген сынды пікірлер жазды желі қолданушылары. Бейнежазбада жобаға қатысушы басқа әншілердің де Иуан Ияүй туралы жүрек жарды сөздері берілген.

https://www.youtube.com/watch?v=IIzNFrJZqoE&feature=youtu.be

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде