jasqazaq.kz

Димаш: Тату-тәтті бірлікте өмір сүрейік

01 мамыр 2017, 12:44

Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Бәріміз бір шаңырақтың астында өмір сүреміз! 1 мамыр -ынтымақ, бірлік күні құтты болсын!!! Түріміз басқа тірегіміз бір, Жүзіміз басқа жүрегіміз бір — тату-тәтті бірлікте өмір сүрейік!!!», — деп жазды әнші өзінің жеке парақшасына. Өз кезегінде қытайлық фанаттар Димашқа жылы киініп жүр, көбірек тамақ же, жақындарыңмен бірге қызықты уақыт өткіз, Қытайға тағы да кел деп қиыла сұрады және әншіні сағынғандарын, оның Қытайға келуін тағатсыздана күтіп жүргендерін жеткізді. Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды және жақында ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және PR» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан қытайлық фанаттар ерекше қызығушылық танытқан «Димаш» атты кітапты жарыққа шығарды. Онда Димаштың бала кездегі өмірге көзқарасы,әншілік шеберлігін ұштауы, ата-анасынан бойға сіңірген қасиеттері, «Singer» байқауы мен қытай көрермендерінің өзіндік ерекшеліктері туралы айтылған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде