jasqazaq.kz

Димаш “Мен қыз емеспін” деп ренжитін

20 қантар 2025, 12:45

Қазақстанның мақтанышы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің балалық шағы туралы қызықты мәліметтер белгілі болды. Әншінің анасы Света Айтпаева “Таңшолпан” бағдарламасында Димаштың балалық шағында музыка мектебіне барғанын, сол жерде ерекше дауысымен көзге түскенін айтты:
– Димаш кішкентай кезінен музыка мектебіне барды. Балалар хорында ән айтты. Сол хорда қыздардың дауысы аз болды. Ер балалардың өзгеріске ұшырамаған даусын дискант дейміз. Димаштың сол даусын пайдаландық. Қыз балалардың партиясын айтқыза беретінбіз. Ол “мен қыз емеспін” деп ренжитін. Біз “сен керемет айтасың” деп соған басымдық жасадық. Кейіннен өзі қызығып, даусын шыңдай берді. Күніне бірнеше сағат дауыс аппаратын жаттықтырып, еңбектенетін. Әрине, генетикалық тұрғыдан табиғаттан да берілуі мүмкін. Бірақ әншілігі мықты болса да, көп мүмкіндікті пайдалана бермейтіндер де бар. Бұл – Димаштың еңбексүйгіштігінің нәтижесі.
Ал әкесі Қанат Айтпаев Димаштың әзілкеш әрі дарынды бала болғанын еске алды:
– Димаш сопрано дауысты апайларына пародия жасайтын. Үйде отырып, теледидардан көрген әншілердің де даусына пародия жасағанда ішек-сілеміз қатып күлетінбіз, – деп еске алды ол.

JQ-Aqparat

Фото: caravan.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі