jasqazaq.kz

Димаш – көкте, Қайрат сияқтылар жерде: Бибігүл Төлегенова әншілердің өнерін салыстырды

17 желтоқсан 2024, 12:43

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 95 жасқа толды. Әншінің мерейтойына орай inform.kz порталында сұхбат жарияланды.

Бибігүл Төлегенова қазіргі ән өнерінің беталысы туралы сауалға былай деп жауап берді:

«Мен, біріншіден, Димаш Құдайбергенге мың да бір рахмет айтамын. Бүкіл жер жүзін аузына қаратқан, қазақ үніне телмірткен адамға бас июіміз керек. Жас болса да бізден жолы үлкен. Ешбір әншіміз дәл ондай жетістікке жетіп көрген жоқ. Өйткені Димаштың өзінің харизмасы бар. Сахнаға шыққанда өте бір қуатты энергиясы бар. Ол айтатын әндердің мәнін түсіну үшін табынушылары қазақтың тілін үйреніп жатыр. Соның өзі үлкен дәреже ғой», — деді қазақтың бұлбұлы.

Ол сондай-ақ әншілердің өнерін салыстырды.

«Бірде маған бір өзің сияқты тілші келіп Қайрат Нұртас деген әнші мен Димаштың қайсысы шын өнерпаз деген сұрақ қойды. Мен оған Димаш әнші, ал Қайрат сияқтылар орындаушы екенін айттым. Журналист Димашты санаулы адам тыңдайтынын, ал Қайрат Нұртастың әніне бүкіл жастар билейтінін айтып қарсы уәж келтірді. Димаш пен эстрадада жүрген Қайраттардың арасы жер мен көктей дедім. Димаш – көкте, Қайрат сияқтылар жерде», — деді Бибігүл Төлегенова.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі