
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының келесі кезеңінде өзі бұрын соңды орындап көрмеген жаңа стильде ән айтады.Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Оның айтуынша, ол келесі кезеңде Бруно Марстың «Uptown Funk» әнін орындайды.
«Осы аптада Bruno Mars репертуарынан «Uptown Funk» әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен — бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!», — деп жазды жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында.
«Uptown Funk» (UpTown Funk!) — ұлыбританиялық әнші әрі автор Марк Ронсонның және америкалық әнші Бруно Марстың туындысы. Ән 2014 жылы 10 қарашада жарық көрген. Youtube желісінде бұл әнге түсірілген клипті екі миллиардтан аса адам қараған.