jasqazaq.kz

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

15 ақпан 2017, 12:31

Димаш Құдайбергеновтің I am a Singer жобасының алтыншы кезеңінде орындайтын әні белгілі болды. Ол жуырда ғана өзін кездесуге шақырған әлемге әйгілі бельгиялық әнші Лара Фабианның әнін орындамақ. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Лараның репертуарындағы “Adagio” әнін фортепианоның сүйемелдеуімен орындайтын болады. Алтыншы кезеңнің түсірілімі ертең, яғни 16 ақпанда өтеді. Алайда эфирден тек келесі аптада беріледі.

Есте болса, қазақ әншісінің даусына тәнті болған Лара Фабиан оны кездесуге шақырды. Бірақ Димаштың Ларамен қашан кездесетіні белгісіз. Оған Димаштың тығыз жұмыс кестесі кедергі келтіріп отырған көрінеді.

Айта кетейік, жобаның алғашқы 2 кезеңінде Димаш бірінші орынды иеленіп, екі рет қатарынан жеңіс кубогын жеңіп алды. Одан кейінгі қос кезеңде Құдайбергенов үшінші орынға тұрақтады. Ал эфирден енді көрсетілетін бесінші кезеңде Димаш бесінші орынды қанағат тұтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде