jasqazaq.kz

Димаш Дин Лиженнің жолын ашып берді

27 сәуiр 2023, 12:06

Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың 12-ші партиясы ойналды.

Ян Непомнящий мен Дин Лижен арасындағы бәсеке финалдық кезеңге өтті. Партияны ақ фигуралармен ойнаған қытай спортшысының алғашқы қадамын алтын көмей әншіміз Димаш Құдайберген жасады.

Осыдан кейін тартысты партия басталды. Непомнящий 17-ші қадамға дейін қателік жібермей, қарсыласына бір де бір мүмкіндік бермеді. Алайда одан кейін ойындағы басымдық қытайлық спортшыға өте бастады. Мұндай қарқынға шыдамаған ресейлік гроссмейстер қате жіберіп, 34-ші қадамда жеңілісін мойындады. Бұл көпшілік үшін күтпеген жеңіс болды.
Осылайша Ян Непомнящий әлем чемпионы атағы үшін жарыста басымдығын сақтай алмады. Жалпы есеп қайта теңесіп, 6:6 болды.
Бұған дейін жазғанымыздай, Астанада өтіп жатқан жарыс 14 партиядан тұрады. Алайда ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын Әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады.

Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін осымен екінші рет таласқа түсті. Ол екі жыл бұрын ол норвегиялық Магнус Карлсенге жеңіліп қалған еді. Дин Лижен чемпиондық тәж үшін тұңғыш рет бәсекеге түсіп жатқан шахматшы. Жарыстың жүлде қоры — 2 млн доллар. Оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын 2-ші орын алған шахматшы алады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі