jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Қытайда танымал бола бастады (видео)

21 қантар 2017, 19:06

Қытайдың Хунан TV singer2017 ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың Қытайда танымалдылығы артып келеді. Қытайлық басылымдардың хабарлауынша, байқаудың түсірілім жұмыстары өз мәресіне жеткен. ҚазАқпарат хабарлағандай, алайда жобаның әлі эфирге шықпағанына қарамастан Димаштың танымалдылығы күн сайын артып келе жатыр. Қазақ әншінің өнеріне тәнті болған жергілікті тұрғындар итернеттен Димаштың бұған дейін орындаған қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң» атты әні мен «Дайдай-ау» әнін жоғары бағалаған. Бұған дейін Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың ең қиын әнінің бірі болып табылатын әйгілі «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындағанын хабарлаған болатынбыз. Ал қытайлық сайттардың хабарлауынша, Димаш екінші кезеңде орыстың жоғары дауысты әншісі Vitas-тың Опера2 әнін сәтті орындаған. Vitas ерекше дауысымен Қытайды таң қалдырған әнші. Бұл күнде қытайлық әнсүйер қауым Димаштың ресейлік әншіден де танымал болатынына сенімді. Ал әншінің жақында ғана ашқан Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңға жеткен. Алғашқы эфирден кейін димаштанушылардың саны күрт көбеюі мүмкін. Жобаның түсірілімі барысында Димашқа қытай тілінің айтарлықтай қиындық келтіргені белгілі. Әйтсе де жас әнші бұл қиындықтардың барлығын еңсеріп келеді. Алғашқы эфир 21 қаңтар күні Хунан телеарнасынан көрсетіледі.

 

https://www.youtube.com/watch?v=soCbQdRgsLA&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде