jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген Назарбаевқа өз арманын айтты (видео)

27 сәуiр 2017, 0:13

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытайдан оралған Димаш Құдайбергенді қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы әншіні Қытайда өткен I аm а Singer байқауындағы жетістіктерімен құттықтап, батасын берді. Димаш Құдайберген өз кезегінде Елбасын жеке қолдауы үшін және Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Сонымен бірге, әнші үш бірдей сыйға ие болғанын айтты, олардың ішінде «Жылдың үздік әні», «Танымал халықаралық әнші» және «Азияның ең танымал әншісі». Димаштың айтуынша, ол голливудтық фильмге саундтрек жазып та үлгеріпті. «Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым — үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын», — деді әнші.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде