jasqazaq.kz

Ділназ Ахмадиева: Біздің де бақуатты өмір сүргіміз келеді

13 мамыр 2017, 18:30

Шетелде желідегі оқырмандарына жалған жарнама тықпалаған жұлдыздар енді жазаланатын болды. Оған Коачелла жастар мерекесінің баламасы ретінде таныстырылған Fyre Festival байқауының ұйымдастырушылары себеп болды.

Себебі фестивальді ұйымдастырамыз деп уәдені үйіп-төккен бәзбіреулер, жарнаманы жұлдыздар арқылы жасаған. Бірнеше, миллион долларларға бағаланған билеттің сатылуына Кендалл Дженнер, Белла Хадид, Эмили Ратаковски, Хейли Болдуиндердің әлеуметтік желідегі пиар-посты әсер етті. Нәтижесінде, алаяқтар табанын жалтыратып, сан соққан халық абдырып қалды. Жұлдыздар да басын ала қашты. Мұндай жәйттар жиілегендіктен, «сауда-саттық федералды комиссиясы» жарнамаға құмар жандардың міндеттерін арнайы құжат арқылы бекітті. Енді, олар әр «пиар-посты» үшін жауапты деген ескерту хатты 45 танымал тұлғаға жолдаған.

“Үш мың теңгелік көз бояуын жарнамалап, инстаграмда бір ғана пост жазуға қыруар қаржы ұсынды. Бірақ, арзан дүние беделіме нұқсан келтіретіні анық. Ертең, оқырмандарым арасында сапасыз дүние қолданады деген пікір қалыптасады ғой”, – дейді әнші Әдемі.

“Қыруар қаржы ұсынып, жарнама жасауымды өтінетін компаниялар көп. Бірақ, қисынсыз дүниенің бәрін тықпалай беру, имиджіме нұқсан келтіре ме деп қорқамын. Сондықтан, белгілі бір брендтермен ғана ұзақ мерзімді келісім шарт түзіп, солардың өнімін ғана ұсынамын”, – дейді актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова.

Дегенмен, медиа тұлғаның бәрі өздері сыннан өткізген сапалы заттарды ғана ұсынады дей алмаспыз. Әдетте, ақысы төленсе жарнамалай беруге дайын. Көп жағдайда айырбас арқылы жұмыс істейміз дейді, — біздегі селебрити.

“Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың”, – дейді әнші Айқын.

“Біздің де бақуатты өмір сүргіміз келеді. Сапалы бейнебаян түсіріп, ән жаздыруға асықпыз. Бірақ, тойдан өзге қайдан табыс табамыз?! Сол үшін бетімізді әрлеген, косметикалық күтім жасаған салондарға ақы төлемей, осылай «алғыс» білдіреміз”, – дейді әнші Ділназ Ахмадиева.

Сондықтан да, Американың сауда-саттық федералды комиссиясы: жұлдыз әр жазбасында жарнама берушімен қандай келісім-шарт түзгенін жазуы қажет, дейді. Талаптар сақталмаған жағдайда пост әлеуметтік желіден өшіріледі. Мұндай міндеттеменің бізге де жетер уақыты алыс емес. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды деп хабарлады stan.kz.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде