jasqazaq.kz

Диқандар астықтың 86 пайызын жинады

12 қазан 2023, 10:05

Бүгінгі күні елімізде 14,9 млн га дәнді дақыл жиналды, бұл — жоспарланған алаңның 86,2 пайызы. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Биылғы вегетация кезеңінде фермерлер бірқатар қиындыққа тап болды.

Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстікте қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.

Мемлекет басшысының ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:

— форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасы 3-сыныпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сыныпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;

— форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сыныпты бидайды 4-сыныпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;

— міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банк сыйақысын өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.

Сонымен қатар, шаруалар «Азық-түлік корпорациясы» астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды.

Бұл астық нарығына әсер етіп, сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуға мынадай баға ұсынылды:

4-класты бидай — 105 мың теңге,

5-класты бидай — 90 мың теңге,

класқа жатпайтын бидай — 70 мың теңге.

Бұл ретте сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асады.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры