jasqazaq.kz

Диас Мүсәлімов әнімен Американы баурап алды

03 қантар 2017, 22:07

Қазақстандық әнші Диаз Мүсәлімовтың аты АҚШ-та танымал.

caravan.kz хабарлағандай, ол алпауыт елдегі опера театрларының сахнасы мен джаз клубтарында ән шырқап, түрлі телеарналардағы шоу бағдарламаларға шақырту ала бастаған. Жерлесіміз шығарған «I am from Kazakhstan» әнін қазірде жергілікті тұрғындар да шабытпен шырқайды. Семейдегі музыка колледжін бітірген жас талант арман қуып, Америкаға келген. Алайда бүгінгі дәрежесіне бірден қол жеткізе алмады. Тіпті кей кездері өнерді қойып, түрлі салада жұмыс істеген. Семейдің бұрынғы «Спартак», кейін Талдықорғанның «Жетісу» футбол командасының белді ойыншысының ұлы болған Диаз алғашында Нью-Йорктегі футбол командаларының бірін жаттықтырды. Ал бос уақытында шіркеудегі хорда ән салды. Кейін Вирджиниа штатындағы Нор-фолк университетіне түсті. Оқу орнын жақсы аяқтағаннан кейін Нью-Йорк университеті оны магистратурада білімін жетілдіруге шақырады. Диас бүгінде сол білім ошағында оқып жүріп жас студенттерге вокал сабақтарын береді.

— Қазақстандық екенімді мақтан тұтамын. Жақында ғана «I am from Kazakhstan» атты ән жазып, әйгілі Birdland сахнасында орындадым. Туындымның әсерлі болғаны сондай, концерт біткенде халық сол әнді шырқап қайтты. Кез келген шараға қатысып, елімді әлемге әйгілеп жүргенімді бақыттың бір парасы деп білемін, дейді қазақстандық әнші Диас Мүсәлімов.

— Диас — ерекше талант иесі. Оның дауысы кез келген жанрда ән салуға бейім. Қазір Нью-Йорк университетінде вокалдан сабақ беріп жүр. Жақында ғана концертіне қатысқанмын. Оның Америка мен Қазақстанда ғана емес, барлық елде жұлдыз болуға мүмкіндігі бар, дейді продюсер Сандра Дакота.

— Мен дипломатия саласында 29 жыл еңбек еткен адаммын. Қазақстан мәдениетімен де жете таныспын. Бірақ бүгінгі концерт біз үшін ерекше болды. Диас қазақ әндерімен қоса, италиялық және америкалық әндерді де асқан шеберлікпен орындады, дипломат Виктор Сидабрас.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде