jasqazaq.kz

Дербес деректер алаяқтардың қолына қалай түседі?

02 қазан 2023, 16:03
baq.kz

baq.kz

Бұдан былай азаматтардың дербес деректерімен жұмыс істейтін мекемелер азаматтардың мәліметі қолды болған жағдайда иесіне хабар жіберуге міндеттеледі. «Amanat» партиясында өткен брифингіде Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева бұл туралы былай деді: «Заңға ұсынылып отырған түзетудің тағы бір жаңашылдығы – хабар беру институты. Мен қазір менің дербес деректерім қолды болғанын білмей жүре беруі мүмкін. Оны біреу бір жерден көріп, маған хабарламаса, сол күйі хабарсыз болам.

Ал біз ұсынып отырған норма бойынша, «1414» нөмірінен дербес дерегім тарап кеткені туралы SMS-хабарлама келеді. Бұл менің азамат ретіндегі құқығым болғандықтан, реттеушіге қоңырау шалып, дербес дерегімнің қолды болғанын хабарлаймын».
Қазір дербес деректердің қажетті деңгейде қорғалмауы алаяқтарға жақсы болып тұр.

«Қазір көп адамдар дербес деректерінің қолды болғанын білмейді. Соның кесірінен түрлі алаяқтар несие алуды ұсынып, түрлі жолдармен дербес дерек иелерін өз құрбанына айналдырады. Мұндай алаяқтықты қазір ешкім дербес деректің қолды болуымен байланыстырмайды. Тіпті екі мәселенің арасында байланыс бар екенін білмейтіндер де бар. Мысалы, әжелерімізге қоңырау шалып, аты-жөнін айтып, немерелерінің атын, үй телефондарын біліп алады да, мазалай бастайды. Міне, қалай болып жатыр?! Ал әжелер дербес дерегінің қолды болғанын сезбейді де. Сондықтан дербес деректермен жұмыс істейтін мекемелерге осындай міндет жүктегелі отырмыз», — деді Екатерина Смышляева.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры