jasqazaq.kz

Депутаттар тәуелсіз БАҚ-қа грант бөлуді ұсынды

28 наурыз 2024, 15:13

Бүгін Мәжілісте өткен басқосуда бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырудың жаңа ережесі талқыланды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бүгінде мемлекеттің ақпараттық саясатын қаржыландыру барлық БАҚ-қа қатысты екенін атап өтті.

Қазір мемлекеттік БАҚ-қа бөлінген қаржының 51 пайызы теле-, радиоарналарға, 36 пайызы баспасөзге, 13 пайызы интернет-ресурсқа бағытталған. Тәуелсіз БАҚ-ты қаржыландыру мемлекеттің ақпараттық тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жаңа заң жобасында депутаттар тәуелсіз БАҚ-ты тақырып бойынша грант бөлуді ұсынып отыр.

«Бізде қазір тек республикалық БАҚ-ты қаржыландыра аламыз. Мемлекеттік тапсырыс республикалық БАҚ-тарға ғана арналады. Заң жобасы қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар жекелеген мақсатты грант арқылы балалар контентін және аймақтық баспасөзді қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады», — деді Қанат Ысқақов.

Вице-министр түсіндіргендей, грант бойынша қаржыландыруда 25-30 тақырыптық бағыт бекітіледі. Бұл жұмыспен арнайы комиссия айналысады. Қазіргі кезде мемлекеттік емес БАҚ-ты қаржыландыруға төрт млрд теңге қарастырылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі