jasqazaq.kz

Депутаттар мектептерді ҰБТ өткізуден босатуды ұсынды

29 наурыз 2017, 16:35

Мәжілістегі Қазақстан коммунистік халық партиясының депутаттары орта мектептерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуден босатуды ұсынды.

«Қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны тапсыру бойынша шараларды ұйымдастыру жауапкершілігін мектептерге жүктейді. Бұл бағыттағы жұмыстарда мектеп түлектерін жинау, тиісті орынға дейін автокөлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, ал кейбір жағдайларда тұрғылықты жерін қамтамасыз ету ескерілуі мүмкін. Атап айтқанда, аттестат алған түлектер мектептегі оқу процесінің қатысушысы болып табылмайды. Осы ретте ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге мұғалімдерді тарту оларға тиесілі емес қызметтерді орындау болып табылады»,-деді депутат Ирина Смирнова Мәжілістегі жалпы отырыс барысында.

Депутат тестілеу шаралары мұғалімдердің еңбек демалысы кезінде өтетінін, сондықтан ұстаздарды қайта шақыртып алу нұсқаулары жүргізілетінін атап өтті.

Смирнова ағымдағы жылы жаңа форматқа сәйкес, түлектер орта білім туралы аттестат алу үшін мектепте емтихан тапсыратынын, кейіннен ЖОО-ға түсу тұрғысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатынын еске салып өтті.

ҚазАқпарат сайты хабарлағандай, «Осы мәселеге байланысты мектеп ұстаздарын ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет деп санаймыз, сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп рейтингін құру тәжірибесін доғарған дұрыс болады деп пайымдаймыз»,-деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде