
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандың мәслихатының екі депутаты тура әкімдік ғимаратында төбелескен. Ақпаратты ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі растап отыр.
Анықталғандай, екі депутат та облыстық ІІД-не арыз түсірген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір іспен ІІД айналысып жатыр.
“Облыс ІІД факті бойынша сотқа дейінгі тексеру басталғанын хабарлады. 17, 18 наурыз күндері Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне 1955 жылы туған екі тұрғыннан бір-біріне қатысты арыз келіп түскен. Аталмыш арыз полиция бөлімінің реестріне тіркелді. ҚР ҚК 107 бабы “дене жарақаттарын салу” бабы бойынша сот алды тексеру басталды”, – деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Сондай-ақ, факті бойынша сот медициналық сараптамасы да тағайындалған. Екі депутаттың төбелесіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.